Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі басталды

Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі басталды
Фото: ҰОК

8 мамырда Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.

Ал әйелдер бәсекесінде 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақтарда жеңімпаздар анықталады. 

Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Финал 17:00-де басталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget