Желтоқсанда Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Astana International Challenge 2025 жарысына әлемнің үздік спортшылары қатысады.
Бұл турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері де бақ сынайды.
Жарыс 17-21 желтоқсан аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова