16 қарашада елордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Жекелеген жаттығулар бойынша өтетін жарысқа 200-ден астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Ел біріншілігінде ұлттық құрама өкілдері де бақ сынайды.
Ерлер арасында 60, 65, 71, 79, 88, 94 және 110 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.
Әйелдер 48, 53, 58, 63, 69, 77, 86 және 86 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Чемпионат "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылып, 22 қарашаға дейін жалғасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай