Астанада алғаш рет пара дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет пара дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Фото: instagram.com/kaz_para_judo/

Астанада алғаш рет пара дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы 13-15 мамыр күндері Астанада IBSA Judo World Championships Astana 2025 додасы өтеді.

Төрт жылда бір ұйымдастырылатын бұл чемпионат - пара дзюдо әлеміндегі ең беделді бәсекелердің бірі. Жарысқа 40 елден 350-ден аса спортшы қатысады. Олардың қатарында Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Қазақстан құрамасы жарысқа толық құрамда қатысады: ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Даяна Федосова сынды тәжірибелі спортшылар қорғайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZ PARA JUDO FEDERATION (@kaz_para_judo)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget