«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» он тоғызыншы кезеңін ұтты (видео)

«Астана» велошабандозы «Джиро д’Италияның» он тоғызыншы кезеңін ұтты (видео)
Фото: tech-cycling.it

«Джиро д’Италия» жарысының он тоғызыншы кезеңін «Астана» командасының велошабандозы Фавио Ару жеңіп алды.  Бұл кезең Гравеллона-Точе және Червиния таулы аймақтарында өтті.

Қазақстандық клубтың легионері 236 шақырымға созылған қашықтықты 6 сағат 24 минут 13 секундта жүріп өтті. Екінші болып мәре сызығын «Team Cannondale – Garmin» велоклубының мүшесі Райдер Хешедал кессе, үшінші орын Ригоберто Уранға (Etixx-Quick Step) бұйырды. Ал төрттікті «Астананың» мүшесі Танел Кангерт түйіндеді.  Ол Фавио Аруға 0:01:18 минутқа ұтылды.

«Джиро д’Италия» велододасының жалпы есебінде Альберто Контадор көш бастауда. Екінші орынға Фавио Ару («Астана») орналасса, үштікті қазақстандық клубтың екінші бір велошабандозы Микель Ланда қорытындылап тұр. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget