"Астана" футбол клубы гвинеялық шабуылшы Усман Камараның келісімшартты бұзу туралы өтінішін қанағаттандырды. Келісім 2026 жылдың аяғына дейін күшінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
26 жастағы спортшы жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты елордалық клубтан кету туралы шешім қабылдаған. "Астана" футболшылармен қыркүйектен бері есептесе алмай отыр, сонымен қатар, инвестор іздеуде де қиындықтарға тап болған. Камара мансабын шетелде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Қазақстанда африкалық футболшы 71 матч өткізіп, 17 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін Камара швециялық "АФК Эскильстуна", норвегиялық "Волеренга", сондай-ақ грузиялық "Дила" және "Динамо" клубтарында ойнаған.
Футболшының трансферлік құны 1 миллион еуроға бағаланады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz