15 маусымда Ньон қаласында УЕФА Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, - деп жазады Vesti.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша петропавлдық "Қызыл-Жар" командасының қарсыласы хорватиялық "Осиек" болды. "Астана" польшалық "Ракув" командасына түссе, алматылық "Қайрат" венгриялық "Кишварда" командасымен жолығады.
Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңдерінің ойындары 21 және 28 шілде күндері болады.