"Астана" мен "Қайраттың" еурокубоктағы қарсыластары белгілі болды

"Астана" мен "Қайраттың" еурокубоктағы қарсыластары белгілі болды
Фото: ©uefa.com

15 маусымда Ньон қаласында УЕФА Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, - деп жазады Vesti.kz

Жеребе қорытындысы бойынша петропавлдық "Қызыл-Жар" командасының қарсыласы хорватиялық "Осиек" болды. "Астана" польшалық "Ракув" командасына түссе, алматылық "Қайрат" венгриялық "Кишварда" командасымен жолығады. 

Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңдерінің ойындары 21 және 28 шілде күндері болады. 

Е. Төлеш
Logotype Massaget