"Астана" командасы "Дакардың" техникалық байқауынан өтуде

Қазақстандық "Астана" командасы "Дакар-2013" жарысы басталар алдында техникалық байқаудан өту үшін Лима астанасы Перуге келіп жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

"Астана" сапында төрт экипаждан құралған топ бар. Жол талғамайтын көліктер категориясының М440 типінде Айдын Рахымбаев - Ғабдулла Әшімов және Бауыржан Исабаев - Дмитрий Югай бар. GForce көлігін Андрей Чередников және венгр Хорн Альберт басқарады. Жүк көліктері классында "КАМАЗ" көлігін дәстүр бойынша Артур Ардавичус басқарса, оған Алексей Никижев пен Нұрлан Тұрлыбаев көмектеспек. 

Ардавичус экипажы 517 нөмірімен сынға түссе, Чередников, Исабаев және Рахымбаевтардың көліктеріне сәйкесінше 406, 409, 410 нөмірлері бұйырды. 

"Дакар-2013" раллиі 5 қаңтарда Перу астанасында басталып, 15 кезеңнен соң Чили астанасы Сантьягода мәресіне жетеді. Сайыскерлерге 9 мыңнан аса өтуі қиын 3 мемлекеттің жерлерін басып өтуі тиіс: Перу, Аргентина, Чили. Жарыс мәресіне 20 қаңтарда жетеді. "Дакар" жарысы осымен бесінші мәрте Оңтүстік Америка құрлығында өтіп отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rutracker.org,