"Астана" ФК Қазақстан Суперкубогының иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ойын бүгін, 25 ақпанда, елордада өтті.
"Астана" футбол клубы - ҚПЛ-2022 чемпионы. Оның қарсыласы былтырғы Қазақстан кубогының иегері "Ордабасы" болды. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.
Сегізінші минутта "Астана" футболшысы Алекс Аманович гол соқты. Ал тоғызыншы минутта "Ордабасыдағы" Еркебұлан Тұңғышбаевтың арқасында есеп теңесті. 38-минутта алаң иелері қайтадан алға шықты - Дембо Дарбо гол соқты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!