"Астана" Еуропа лигасының алғашқы ойынында "Лудогорецті" жеңді

"Астана" Еуропа лигасының алғашқы ойынында "Лудогорецті" жеңді
Фото: instagram/fca.astana/

"Астана" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында болгариялық "Лудогорецті" жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

8 тамыз күні Астанада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Қонақтар 37-минутта Ноа Сонко-Сундбергтің соққан голынан кейін есепті ашты. Бірақ 40-минутта Жарко Томашевич есепті теңестірді. Александр Марочкин матчтың нүктесін қойды. (53-минут).

Командалардың қарымта кездесуі 18 тамызда Разградта өтеді. "Астана" "Лудогорецті" жеңсе, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде голландиялық "Аякспен" ойнайды. Астаналық клуб екі ойынның қосындысында жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, "Вальмиера" (Латвия) - "Партизани" (Албания) кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан