Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемнің үздік клубтары рейтингін жариялады. Бұл тізімге Қазақстаннан "Астана" клубы ғана енген.
Ұйымның жаңарған рейтингіне әлемнің 700 командасы қосылған. Елордалық команда 417-орынға жайғасқан.
Рейтингте "Астана" Ресейдің "Краснодар" (455-орын), "Зенит" және "Локомотив" (604-орын) клубтарынан жоғары орналасқан.
Үздік клубтар көшін ағылшынның "Манчестер Сити" командасы бастап тұр. Алғашқы үштікті "Реал Мадрид" пен "Интер" түйіндеп тұр.
IFFHS жаңартылған рейтингі:
1. "Манчестер Сити" (Англия) – 359 ұпай
2. "Реал" Мадрид (Испания) – 332.
3. "Интер" (Италия) – 289.
4. "Әл-Ахли" (Мысыр) – 275,5.
5. ПСВ (Нидерланд) – 243,5.
6. "Байер" (Германия) – 236.
7. "Флуминенсе" (Бразилия) – 233.
8. "Фиорентина" (Италия) – 227,5.
9. "Палмейрас" (Бразилия) – 226.
10. "Порту" (Португалия) – 225.
11. "Форталеза" (Бразилия) – 219,5.
12. "Рома" (Италия) – 216,5.
13-14. "Бавария" (Германия) – 216.
13-14. "Фламенго" (Бразилия) – 216.
15. "Спортинг" (Португалия) – 210.
16. "Вест Хэм" (Англия) – 206,5.
17-18. "Барселона" (Испания) – 204
17-18. "Сан-Паулу" (Бразилия) – 204.
19. "Лейпциг" (Германия) – 197.
20. "Юнион" (Бельгия) – 195.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!