11-12 шілде аралығында Тайбэй қаласында дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Қазақстан құрамасынан 14 спортшы тізімге енді.
Ерлер
- 60 келіге дейін: Тоқтар Үміталиев, Асылхан Зейнуллин
- 66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев
- 73 келіге дейін: Мади Жеткерген, Береке Рахматуллаұлы
- 81 келіге дейін: Мади Амангелді
- 100 келіге дейін: Әділет Сапарғалиев
- 100 келіден жоғары: Мади Еділбаев, Санжар Жабборов
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Аяна Дүйсенбай
- 52 келіге дейін: Айшабибі Мурадимова
- 63 келіге дейін: Ханзада Қайратова
- 78 келіден жоғары: Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!