Асхат Тағыбергеннің голы "Пушкаш сыйлығына" үміткерлер тізіміне енді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы "Пушкаш сыйлығына" үміткерлер тізіміне енді. Бұл марапат асқан шеберлікпен ең әдемі соғылған жылдың ең үздік голы иесіне табысталады.

"Пушкаш сыйлығы" жылдың үздік голы иесіне беріледі. Жеңімпаз 2024 жылдың қаңтар айында өтетін The Best марапатын табыстау кешінде белгілі болады. 

Қазақстан құрамасы ойыншысынан бөлек бұл тізімге тағы 10 ойыншының голы енген. Сілтемені басып толық танысуға болады. 

Асхат Тағыберген бұл голын 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасы қақпасына соққан болатын. 


Қазақстан – Дания ойынының үздік сәттері

"Пушкаш сыйлығы" 2009 жылдан бері табысталып келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген. 

Алғаш рет бұл сыйлыққа Криштиану Роналду ие болды. Одан кейін әр жылдары Неймар, Златан Ибрагимович, Хамес Родригес, Оливье Жиру және Сон Хын Мин сынды футболшылар жеңіп алған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!