"Тобыл" клубының капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға қайта оралу туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Qazsport телеарнасына берген сұхбатында айтты.
"Әзірге ешкім хабарласып, сөйлескен жоқ. Егер менің көмегім қажет болса, ойлануға болады, әлі мүмкіндік бар", - деді Асхат Тағыберген.
Айта кетейік, кеше "Тобыл" алматылық "Қайрат" командасымен Қазақстан Суперкубогы матчі аясында кездесті. Қостанайлықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!