Асаубаева ең мықты шахматшылар қатысатын турнирге шақырту алды

Асаубаева ең мықты шахматшылар қатысатын турнирге шақырту алды
Фото: ©instagram.com/kzchessfederation

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемде ең мықты шахматшылар қатысатын жабық элиталық фристайл-шахмат турниріне шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирге қатысатындар қатарында Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және қазіргі шахмат әлемінің өзге де танымал ойыншылары бар.

"Бар болғаны 21 жастамын, ал мені ерлер арасында шахмат гроссмейстерлерінің өзі қатысуды армандайтын турнирге шақырды" - деп жазды Бибісара.

Бибісара Асаубаеваның мұндай мәртебелі турнирге шақырылуы 2025 жылғы мамырда Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters халықаралық супертурниріндегі сенсациялық ойынының арқасында мүмкін болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget