“Арсенал“ танымал шабуылшыға 100 миллион еуро ұсынуға дайын

“Арсенал“ танымал шабуылшыға 100 миллион еуро ұсынуға дайын
Фото: depositphotos.com

Лондондық "Арсенал" "Ювентус" клубы мен Түркия құрамасының шабуылшысы Кенан Йылдызды шабуыл шебін күшейтуде негізгі "қаруына" айналдырмақ. Клуб 21 жастағы футболшыға шамамен 100 миллион еуро ұсынуға дайын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Tuttosport мәліметінше, клуб Кенан Йылдызға, шынында да, қызығушылық танытып отыр және оның трансфері бойынша қомақты ұсыныс жасауға дайын.

Бұған дейін лондондық клуб мадридтік "Атлетикодан" аргентиналық шабуылшы Хулиан Альваресті де сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді. Алайда мадридтіктердің басшылығының қатаң ұстанымына байланысты Хулиан Альварестің орнын Кенан Йылдыз басып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget