Лондондық "Арсенал" клубы Францияның "Лионын" ойсырата ұтып, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жартылай финалдың қарымта кездесуі Лион қаласында өтіп, ойында алаң қонақтары 4:1 есебімен жеңіске жетті.
"Арсенал" сапынан Мариона Кальдентей, Алессия Руссо және Кейтлин Форд гол соқты. Сонымен қатар, алаң қожайындарының голкипері Кристиане Эндлер өз қақпасына доп соғып қойды. Франциялықтар үшін жалғыз голды Мельши Дюморне салды.
Бірінші ойын 2:1 есебімен "Лионның" пайдасына аяқталған болатын. Ал екі кездесудің қорытындысы бойынша "Арсенал" 5:3 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Финалда лондондықтар "Барселонамен" кездеседі. Испаниялық команда жартылай финалда лондондық "Челси" клубын ұтқан еді (4:1, 4:1).
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 24 мамырда Португалияның Лиссабон қаласында өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова