“Арсенал“ – “Манчестер Юнайтед“ ойынын қайдан және қашан көруге болады?

“Арсенал“ – “Манчестер Юнайтед“ ойынын қайдан және қашан көруге болады?
Фото: Michael Regan/Getty Images

Бүгін, 25 қаңтарда, Англия Премьер-лигасының (АПЛ) 23-туры аясында Лондонның "Арсеналы" мен "Манчестер Юнайтед" арасында матч өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Арсенал" – "Манчестер Юнайтед" ойыны "Эмирейтс" стадионында (Лондон, Ұлыбритания) өтеді. Матчтің басталуы Қазақстан уақытымен 21:30-ға жоспарланған.

Бұл кездесу турдың басты ойыны болмақ, өйткені екі командаға да 3 ұпай ауадай қажет. Турнир кестесінің көшбасшысы - "Арсенал" үшін жеңіс "Манчестер Ситиден" арадағы алшақтықты сақтап қалуға мүмкіндік береді. "Манчестер Сити" кеше "Вулверхэмптонды" 2:0 есебімен жеңген болатын.

Өз кезегінде, "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетсе, 4-орынға көтеріліп, "Ливерпульді" басып озуы мүмкін. "Ливерпуль" бұл турда "Борнмуттан" 2:3 есебімен жеңілген.

Қайдан көруге болады?

Матчтің тікелей көрсетілімі Setanta Sports 1 телеарнасында қолжетімді болады.

Болжамды құрамдар

"Арсенал": Рая (қақпашы), Уайт, Салиба, Габриэл, Тимбер, Субименди, Райс, Эдегор, Сака, Троссард, Дьёкереш.

"Манчестер Юнайтед": Ламменс (қақпашы), Далот, Магуайр, Мартинес, Шоу, Каземиро, Майну, Диалло, Фернандеш, Доргу, Мбеумо.

Кімдер ойнамайды?

"Арсеналда" жартылай қорғаушы Макс Доуман алаңға шықпайды. Сондай-ақ, қорғаушылар Рикардо Калафьори мен Пьеро Хинкапидің ойнауы күмәнді.

"Манчестер Юнайтедте" жарақатына байланысты нидерландиялық Маттейс Де Лигт пен Джошуа Зиркзее матчті өткізіп алады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget