Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Арман Әшімов кәсіпқой бокста алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшы Алматыда өткен бокс кешінің кардында өнер көрсетіп, грузиялық Бухути Татиашвилимен жұдырықтасқан.
Жартылай жеңіл салмақтағы айқас жоспарланған төрт раунд толық өткен. Ал оның қорытындысы бойынша төреші жекпе-жек тең өтті деген шешім шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!