Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов Nomad Fighting лигасымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Әшімов тамыз айының ортасында өтетін Nomad Fighting турнирінде бір картаның негізгі жекпе-жегіне шығып, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Спортшы кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. Ол 17 жекпе-жек өткізіп, оның 13-інде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген. M-1 Challenge, Alash Pride, Kazakhstan MMA Federation және Noize Fighting Championship сияқты промоушендерде өнер көрсетті. Әшімов сонымен қатар бұрынғы M-1 уақытша чемпионы.
Әшімов Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысып, бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Белякті жалаң жұдырықпен нокаутқа түсірді.
Ол наурыз айында Naiza лигасында қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.