Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англияны ұтқаннан кейін эмоциясын ұстай алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем чемпиондарының бапкері командасын мақтан тұтатынын айтып, футболшылардың жанкешті ойынының арқасында Аргентина тағы да әлем чемпионатының финалына жолдама алғанын жеткізді.
"Айтарға сөзім жоқ, шынымен де сөз таппай тұрмын. Бұл - еліміз үшін үлкен қуаныш. Бірнеше күн бұрын бұл команда мені таңғалдыруын ешқашан тоқтатпайтынын айтқан едім. Қазір де соны қайталаймын. Біз әрқашан жеңіске жетуге тырысамыз, бар күшімізді саламыз", - деді Скалони ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, жартылай финалда Аргентина матч барысында Англиядан 0:1 есебімен қалып келе жатқан еді. Алайда кездесудің соңғы минуттарында камбэк жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Лионель Скалонидің шәкірттері әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын финалда Испания құрамасымен кездеседі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова