Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы жарысын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
80 келіге дейінгі салмақта Нұртілеу Өтеген төрешілер шешімімен тәжікстандық Мусо Иброхимзоданы жеңді. Ал Амелина Бакиева Фотима Фозилованы мерзімінен бұрын ұтып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, аралас жекпе-жек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының тарихында алғаш рет бағдарламаға енгізілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова