Араб кәсіпкері Роналду мен Мессидің матчіне миллиард теңге жұмсауға дайын

Сауд Арабиясында кәсіпкер футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы жолдастық матчқа VIP билет сатып алу үшін бірнеше миллион жұмсауға дайын, - деп хабарлайды Reuters.

Ер адам 17 қаңтарда аяқталатын аукционда осы лотты ұтып алу үшін 10 миллион риал, яғни 2,66 миллион доллар, 1 миллиард 220 миллион теңге ұсынып отыр. Ешкім бұдан артық шығын шығаруға дайын емес.

Билет "Қиялдан тыс" деп аталды. Осы билет арқылы жақында ғана Роналду кірген саударабиялық "Әл-Наср" мен Месси ойнайтын "Пари Сен-Жерменге" қарсы "Әл-Хилал" клубтары арасындағы жолдастық кездесуге қатысу болады.

Әлемде асыға күтетін матчтердің бірі 19 қаңтарда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Роналду мен Месси 2020 жылғы желтоқсанда "Ювентус" "Барселонаны" 3:0 есебімен жеңгеннен кейін алғаш рет кездескелі тұр.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!