Анна Данилина WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті

Анна Данилина WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті
Фото: ҚТФ

Теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сынын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Бірінші айналымда жетінші нөмірмен тіркелген Анна Данилина мен америкалық Дезире Кравчик жапониялық Сюко Аояма және Тайбэй өкілі Лян Эн-Шоны жеңді. Екі сетке созылған матч қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Матч барысында Анна Данилина мен Дезире Кравчик бір эйс жасап, екі қос қате жіберді және 13 брейк пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін олар жаңазеландиялық Эрин Рутлифф және индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget