Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты

Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алу үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әйелдер арасындағы жұптық сында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда Анна Данилина мен Александра Крунич Аустралия өкілі Эллен Перес пен Нидерланд теннисшісі Деми Схурстан басым түсті. Кездесу 6:2, 7:6 (8:6) есебімен аяқталды.

Жартылай финалда олар Жапония өкілі Суко Аояма және Тайбэй өкілі Энь Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget