Анна Данилина ірі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Аделаида (Аустралия) қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз жұптық сында ел намысын қорғап жатыр. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетеді.

Ширек финалда Анна Данилина мен Александра Крунич чехиялық Мари Боузкова және бразилиялық Луиза Стефани жұбына қарсы ойнауы қажет еді. Алайда қарсыластары турнирден шығып кетті.

Осылайша олар ірі жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!