Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева – америкалық Анжела Куликовамен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!