- Негізгі бет
- Спорт
- Анна Данилина жаңа...
Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы жарысында финалға жолдама алды
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше – чехиялық Анна Шишковаға қарсы ойнады.
Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екінші сетте франциялық-чехиялық дуэт қарымта қайырды – 6:4. Есесіне супер тай-брейкте Данилина – Грунчакова мықтылықтарын мойындатты – 10:7.
Анна Данилина – Виктория Грунчакованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан