Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ресейлік теннисші Александра Пановамен бірге австриялық теннисшілер Синя Краус пен Мелани Клаффнерді 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Матч 52 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Панова 12 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланып, үш қос қателік, сонымен қатар үш рет эйс жасады.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева дәл осы турнирдің жекелей сынындағы екінші айналымда жеңілгенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!