Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге шешуші бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, испаниялық Кристина Буча - румыниялық Моника Никулескумен бас жүлдені сарапқа салды.
Матч испаниялық-румыниялық дуэттің басымдылығымен өтті - 6:1, 6:3.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!