Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Теннисші жұптық сында жартылай финалға жолдама алды.
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге ширек финалда ресейлік Екатерина Александрова мен Мирра Андрееваны жеңді.
Кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова