Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетті.
Жартылай финалда Анна Данилина мен Александра Крунич Испания өкілі Кристина Букша және аустралиялық Эллен Перес жұбымен өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қарсылас жұп басым түсіп, кездесу 6:3, 4:6, 10:7 есебімен аяқталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!