Анна Данилина АҚШ-тағы турнирде жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!