Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты

Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап. 

Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге 1/4 финалда Мирра Андреева (Ресей) / Виктория Мбоко (Канада) жұбын жеңді.

Кездесу 7:6, 6:2 есебімен Анна Данилина және Александра Круничтің пайдасына аяқталды.

Финалға шығу үшін олар Кристина Букша (Испания) / Николь Меликар (АҚШ) жұбымен кездеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget