Анна Данилина АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жартылай финалда ол Александра Круничпен бірге Кристина Букша / Николь Меликар-Мартинес жұбын 6:3, 6:4 есебімен қапы қалдырды.

Енді алда бас жүлде үшін талас. Финалда Анна Данилина мен Александра Крунич Катерина Синякова (Чехия) және Тейлор Таунсенд (АҚШ) жұбымен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!