Анна Данилина АҚШ-та жеңімпаз атанды

Анна Данилина АҚШ-та жеңімпаз атанды
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Хао Чин Чань (Тайбэй)/Синью Янь (Қытай) жұбын 7:6(7:3), 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша Анна жұптық сайыста WTA турнирлерінде 14-рет чемпион атанып отыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget