Анна Данилина WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жұптық сайыстың 1/8 финалында Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич Сюко Аояма және Кристина Букша жұбымен кездесті.

Тартысқа толы кездесу 3:6, 6:4, 12:10 есебімен аяқталды. Осылайша Данилина мен Крунич турнирдің ширек финалына өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз