Анна Данилина WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыста отандасымыз сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сайыста өнер көрсетіп жатыр.

Теннисшілер алғашқы айналымда америкалық София Кенин мен Дезире Кравчиктен басым түсті. Кездесу 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.

Ширек финалға өту үшін Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма және испаниялық Кристина Букша жұбымен кездеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!