19 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының үшінші орны үшін Англия мен Франция құрамалары кездеседі. Жартылай финалда жеңіліс тапқан екі команда да турнирді жүлдемен аяқтауға тырысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қола жүлде үшін матч Майамидегі Hard Rock Stadium аренасында өтеді.
Англия мен Франция құрамалары бұған дейін 42 рет кездескен. Оның 24-інде Англия жеңіске жетсе, Франция 12 матчта басым түскен. Тағы 6 ойын тең аяқталған.
Екі құраманың соңғы кездесуі өткен әлем чемпионатының ширек финалында өтті. Ол кезде Франция Англияны 2:1 есебімен жеңіп, жарыстан шығарған еді.
Франция I тобында Сенегал, Ирак және Норвегияны жеңіп, плей-оффқа сенімді шықты. Кейін Швеция, Парагвай және Мароккодан басым түсті. Алайда жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады.
Англия да L тобын бірінші орынмен аяқтады. Команда Хорватия мен Панаманы жеңіп, Ганамен тең түсті. Плей-офф кезеңінде Конго, Мексика және Норвегияны жарыстан шығарды.
Жартылай финалда ағылшындар Аргентинаға қарсы ойында есепте алда тұрғанымен, соңғы минуттарда екі гол жіберіп алып, финал жолдамасынан айырылды.
Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Англия мен Франция арасындағы матч 19 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және Qazaqstan телеарналары, сондай-ақ олардың ресми сайттары тікелей эфирде көрсетеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз