Англия мен Франция қола жүлдеге таласады: матч қашан және қайдан көрсетіледі

Англия мен Франция қола жүлдеге таласады: матч қашан және қайдан көрсетіледі
Фото: Әлеуметтік желі

19 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының үшінші орны үшін Англия мен Франция құрамалары кездеседі. Жартылай финалда жеңіліс тапқан екі команда да турнирді жүлдемен аяқтауға тырысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қола жүлде үшін матч Майамидегі Hard Rock Stadium аренасында өтеді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба

Англия - Франция: кездесулер тарихы

Англия мен Франция құрамалары бұған дейін 42 рет кездескен. Оның 24-інде Англия жеңіске жетсе, Франция 12 матчта басым түскен. Тағы 6 ойын тең аяқталған.

Екі құраманың соңғы кездесуі өткен әлем чемпионатының ширек финалында өтті. Ол кезде Франция Англияны 2:1 есебімен жеңіп, жарыстан шығарған еді.

Құрамалардың ӘЧ-2026-дағы жолы

Франция I тобында Сенегал, Ирак және Норвегияны жеңіп, плей-оффқа сенімді шықты. Кейін Швеция, Парагвай және Мароккодан басым түсті. Алайда жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады.

Англия да L тобын бірінші орынмен аяқтады. Команда Хорватия мен Панаманы жеңіп, Ганамен тең түсті. Плей-офф кезеңінде Конго, Мексика және Норвегияны жарыстан шығарды.

Жартылай финалда ағылшындар Аргентинаға қарсы ойында есепте алда тұрғанымен, соңғы минуттарда екі гол жіберіп алып, финал жолдамасынан айырылды.

Англия - Франция матчы: қайдан көруге болады

Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Англия мен Франция арасындағы матч 19 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 02:00-де басталады.

Кездесуді Qazsport және Qazaqstan телеарналары, сондай-ақ олардың ресми сайттары тікелей эфирде көрсетеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget