Англия құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы қайтыс болды

Англия құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы қайтыс болды
Фото: fapl.ru

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің соңында ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауырған еді. 

Свен-Йоран Эрикссон мансабының бір бөлігінде ұлттық құрамаларды жаттықтырды. Англия құрамасын жаттықтырған алғашқы шетелдік маман болды. Мексика, Кот-д'Ивуар және Филиппин құрамаларын жаттықтырды.

Клубтық деңгейде "Рома", "Лацио", "Фиорентина", "Сампдория", "Бенфика", "Манчестер Сити", "Лестер Сити" және "Шанхай Сипг" сынды клубтарды жаттықтырды. Бірнеше клубта спорттық директор қызметін атқарды. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget