Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үшінші жекпе-жегін Алматыдағы бокс кешінде өткізді. Қарсыласы танзаниялық Лулу Кайаге болды. Боксшылар аса жеңіл салмақтағы UBO World белбеуін сарапқа салды.
Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды - Кайаге кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Лукас, осылайша, үшінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады. Ал Кайаге тоғызыншы рет жеңіліп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!