Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Голубев пен Молчановтың жеңді – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3).
Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.
Андрей Голубев пен Денис Молчанов ертең жартылай финалда франциялық-америкалық теннисшілер Альбано Оливетти мен Роберт Галлоуэймен ойнайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!