- Негізгі бет
- Спорт
- Андрей Голубев Аустриядағы...
Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) "Челленджер" турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар – Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.
Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан