“Анам көрмегенін әкем көрсе екен деймін“. Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова эксклюзив сұхбат берді

Kezdesu-дің кезекті қонағы - әлем чемпионы Алуа Балқыбекова. Спортшы эксклюзив сұхбатта балалық шағы, әлем чемпионына дейінгі жолы жайында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулығына байланысты 3-сыныпқа дейін дене шынықтыру сабағына қатыспаған қыз - бүгінде әлемнің екі дүркін чемпионы.

"Кішкентай кезімде дене шынықтыруға қатыспағанмын. Болмайтын. 3-сыныпқа келген кезде ата-анама "барамын, сыныпта отырғым келмейді, ішім пысады, мен де жүгіргім келеді" дедім. Кейін анам шешім қабылдап, жіберген болатын. 3-сыныпта дене шынықтыру ағайымен танысып, сол кезде балалармен жүгіруде озып кететінмін. ...Сөйтіп биге қатыстым. Вокалға бардым. Бөлем каратеге қатысатын, белдіктер алып жататын. Маған қызық еді. ...Оған әкем рұқсатын бермеді, "айкидоға бар" деді. Екі ай айкидоға бардым", - деді ол.

Спортшы сұхбат барысында отбасы туралы да айтты.

"Әкемді қуантқан кезімде өзімді шын бақытты сезінемін. Анамыз өмірден өтіп кетті. Анам көрмегенін әкем көрсе екен деген мақсат бар. ...Әкем көлігін сатып, кішкене болса да көмек етіп, жартылай қарыздарымызды жауып, жолыма батасын берді, Әлем чемпионатына жіберді. ...Анамның "Президенттен медаль алғым келеді" деген сөзі есімде. Ақордаға барып, "Құрмет" орденін алып жатқан кезде анамның сөздері есіме түсті", - деді Алуа Балқыбекова.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!