Тунисте өтіп жатқан ITF M15 санатындағы турнирде қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет кәсіби мансабында жекелей сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Финалда 18 жастағы Әмір өзімен қатарлас Германия өкілі, ATP рейтингіндегі №824 тұрған Макс Шонхаусты 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби мансабындағы тұңғыш жекелей титулы.
2024 жылы Әмір – Қазақстан тарихында бірінші болып юниорлар арасындағы "Үлкен шлем" турнирінің жекелей сынында ширек финалға дейін жеткен спортшы атанған еді.
2025 жылы ол юниорлар әлемдік рейтингінде 4-орынға дейін көтеріліп, ATP тізімінде әлемнің үздік 1000 теннисшісінің қатарына енді.
Еске салайық, жартылай финалда Әмір Омарханов Мик Петковичті жеңіп финалға өткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек