Әмір Омарханов ITF М15 турнирінің алғашқы финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды. Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек