Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді

Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің тізіміне енді
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық Әмір Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәліметінше, Әмір 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.

Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан