Әмір Маймұратов әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті

Қазақстандық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы жылдамдық бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Әмір Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.

Ришат Хайбуллин 23-орын, Бекнұр Алтынбеков 26-орын, Жандос Қалибай 30-орын, ал Дамир Тоқтаров 50-орын алды. Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!